Аға HR менеджер

Nazarbayev University

  • Нур-Султан
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 25 д. назад
  • Быстрый отклик
Описание компанииИнженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев УниверситетіОписание вакансииЖоғарыда көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін, Аға HR менеджер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:1) еңбекке ақы төлеу қоры, кәсіби даму, персоналды жалдау, іссапарлар және әлеуметтік саясат шығыстары бюджеттерін қоса алғанда, барлық жетекшілік ететін бағыттар бойынша шығыстарды тиімді бюджеттеуді қамтамасыз етеді;
2) таяудағы перспективаға және ұзақ мерзімді перспективаға кадрларға қажеттілікті жоспарлайды, қызметкерлердің деректер базасын құрады, сондай-ақ Мектепке қажетті мамандарды жедел іздестіреді;
3) Бас менеджерге Мектеп құрылымы мен персонал санын заманауи етуге және Мектептің қажеттіліктеріне сәйкес келтіруге көмектеседі;
4) Мектептің академиялық қызметкерлерін уақытылы қабылдауды қамтамасыз етеді;
5) оқытушы-профессорлар құрамын бейімдеу процесін ұйымдастырады: жұмыс туралы ұсыныс жасау, еңбек шарттарын дайындау, ұжыммен таныстыру және құттықтау хат, жұмыс орнын ұйымдастыру, инфосессия, Мектептің қабылданған оқытушы-профессорлар құрамын бейімдеуге көмектесу, оның ішінде Университеттің әлеуметтік саясатына байланысты мәселелерді шешу;
6) өзінің лауазымдық міндеттері шеңберінде Мектеп бастамашылық жасаған еңбек шарттары мен қосымша келісімдер жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ олардың орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсетуге қатысады;
7) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқытушы-профессорлар құрамын жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды есепке алады;
8) жаңадан қабылданған және жұмыс істеп жүрген оқытушы-профессорлар құрамының жеке істерін жүргізеді, еңбек және әлеуметтік демалыстарын ресімдейді, еңбек шарттарының жобаларын дайындайды, жұмыс орнынан анықтамалар береді, оқытушы-профессорлар құрамының жеке істерін Университеттің архивіне тапсырады;
9) Мектептің оқытушы-профессорлар құрамының жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді;
10) оқытушы-профессорлар құрамын қызмет бойынша жоғарылату рәсімін ұйымдастырады;
11) оқытушы-профессорлар құрамын жаңарту рәсімін ұйымдастырады;
12) тағылымдамалар, тренингтер, біліктілікті арттыру, қызметкерлерді аттестаттау бағдарламаларын ұйымдастырады, тренингтер, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлейді, ұйымдастырады және өткізеді;
13) ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды, еңбек жанжалдары мен дауларды шешуге қатысады, оқытушы-профессорлар құрамына тәртіптік жаза мен көтермелеу туралы шешімдердің жобаларын дайындайды;
14) жетекшілік ететін бағыты шеңберінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
15) Адами капиталды дамыту департаментімен және Университеттің басқа да тиісті құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жолымен кадрларды үздіксіз есепке алуды және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, Университеттің персоналды басқару саласындағы саясаты мен рәсімдерін Мектептің сақтауын қамтамасыз етеді;
16) өзінің функционалдық міндеттерінің шеңбері бойынша хат алмасуды жүргізеді;
17) жетекшілік ететін бағыты шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, бақылау, мониторингтеу процестеріне қатысады;
18) басқа Аға HR менеджері болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);
19) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
20) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
21) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;
22) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
23) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.Требования к квалификацииБіліміЖоғары кәсіптік, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алуыМаманданудың басым бағыттары:
- менеджмент;
- психология;
- халықаралық қатынастар/құқық;
- мемлекеттік басқару;
- адами ресурстарды басқару;
- іскерлік әкімшілікЖұмыс тәжірибесіКем дегенде бес жыл. Тиісті салада магистр дәрежесі бар кемінде үш жылБілімі- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
- кадрлық іс жүргізу саласындағы процестер мен құралдарды білу;
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеруДағдылары- Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
- аналитикалық қабілеттер;
- қағидаларды, саясаттарды, шарттарды және т.б. құжаттарды әзірлеу дағдылары;
- аналитикалық және ақпараттық жазбаларды жазу дағдыларыДополнительная информацияБасқа талаптар- CIPD, SHRM кәсіби сертификаттарына артықшылық беріледі;
- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;
- сыни ойлау;
- өз бетінше және командада жұмыс істей білу;
- жауапкершілік;
- стресске төзімділік;
- бастамашылық;
- тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары;
- көпмәдениетті ортада жұмыс істей білуRecruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values.Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values

Nazarbayev University