Сату маманы

Daryn.online

  • Шымкент, Туркестанская область
  • 150 000-600 000 тнг в месяц
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 26 д. назад
⚡️ Өзін жетілдіруге ұмтылатын, белсенді және нәтижеге жұмыс істейтін менеджерлерді іздейміз!✔️Біз туралы:Халықаралық Daryn Online — ҰБТ және НИШ, БИЛ, Дарын мектептері секілді еліміздің үздік мектептеріне түсуге онлайн дайындық бойынша жетекші платформа. Біз және біздің команда өсіп келеміз⚡️Ендігі кезекте осы жолда бірге жетістікке жететін жас мамандарды командамызға шақырамыз!Қандай міндеттеріңіз болады:
  • Клиенттермен байланыс орнату
  • Жаңа клиенттерді тарту
  • Өнімдер мен қызметтерді таныстыру
Біз Сізден күтеміз:
  • Коммуникация және келіссөз жүргізу дағдылары
  • Жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа ұмтылу
  • Компьютермен жұмыс істей алу
  • Қазақ тілін жетік меңгерген
  • Сату саласында тәжірибе міндетті емес ;)
⚡️Біз сізге не ұсына аламыз:
  • Негізгі жалақы + бонус
  • Жұмыс кестесі: 6/1, 11:00-19:00 (студенттерге ыңғайлы график)
  • Өсу және даму мүмкіндігі
  • Жас әрі дамушы орта және командалық қолдау, жаңа өсу мүмкіндіктері
  • Қазақстандағы ең ірі білім беру платформаларының бірінде жұмыс істеу мүмкіндігі
Егер жаңа ортада өзіңізді көргіңіз келсе, әрі мақсаттарыңызға жету үшін жақсы мүмкіндік іздеп жүрсеңіз, БІЗ СІЗДІ КҮТЕМІЗ⚡️Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.

HeadHunter