Руководитель отдела преподавателей в образовательном центре
Daryn.online
- Алматы
- 350 000-600 000 тнг в месяц
- Постоянная работа
- Полная занятость
Біз мыңдаған оқушыны ҰБТ-ға жоғары нәтижемен дайындап, грант иегері атануына ықпал еттік. Ал қазір академиялық бағытты күшейту үшін басқарушы позициясына өсуге дайын маман іздейміз.🎯 Лауазымның мақсатыАкадемиялық процесті жүйелеу, мұғалімдер командасын басқару және ҰБТ нәтижесін тұрақты түрде арттыру.📌 Міндеттері1️⃣ Академиялық процесті басқаруМұғалімдердің сабақ сапасын бақылауСабақтарға қатысу (аудит) және кері байланыс беруОқу бағдарламасының орындалуын қадағалауТараулық нұсқа талдауларының жүйелілігін бақылау2️⃣ Мұғалімдермен жұмысМұғалімдердің KPI көрсеткіштерін бақылауАпталық және айлық жиналыстар өткізуӘлсіз тұстарын анықтап, даму жоспарын құру3️⃣ Нәтиже және аналитикаҰБТ нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауАкадемиялық бөлім бойынша айлық аналитикалық есеп тапсыру4️⃣ Процестерді жақсартуСабақ форматын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуӘдістемелік стандарттарды енгізуге қатысуОқушылардың retention деңгейін арттыру * ✅ ТалаптарҰБТ пәндері бойынша кемінде 3 жыл тәжірибе (мұғалім/лектор ретінде)Өз оқушыларының жоғары ҰБТ нәтижелері (статистикамен дәлелденуі қажет)Мұғалімдер тобын басқару тәжірибесі — кемінде 1 жылЖоспар мен нәтижеге қол жеткізу қабілетіКоммуникациялық және лидерлік дағдыларОнлайн оқыту форматтарын түсінуКоманданы ұйымдастыра білу және тәртіп орната алуKPI және нәтиже арқылы басқару дағдысыАналитикалық ойлау (тест нәтижелерін талдай алу)💼 Біз сізге не ұсынамызТұрақты жалақы 350.000 тг + KPIНәтижеге байланысты бонус жүйесіКарьерлік өсу мүмкіндігі (Team Lead деңгейіне дейін)Компания есебінен оқыту және кәсіби дамуІрі академиялық жобада басқарушылық тәжірибеЖас әрі амбициялы командаКомпанияның стратегиялық шешімдеріне қатысу мүмкіндігіЕгер сіз академиялық процесті жүйелі түрде басқара алатын, нәтижеге жұмыс істейтін және командамен үлкен мақсаттарға жете алатын көшбасшы болсаңыз — біз сізді күтеміз! 🚀Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.
HeadHunter