Міндеттері:Компанияның Instagram, TikTok және басқа да әлеуметтік желілерін толық жүргізу;Күнделікті 6–8 пост / Reels жариялау (дайын материалдармен және жаңа контент түсірумен);Контент-план құру және ай сайын жаңартып отыру;Заңгерлермен бірге ақпараттық контент дайындау (банкроттық, кредиттік мәселелер, төлем кестесі және т.б.);Сторис, Reels, мәтіндер жазу, дизайнды қарау;Комментарийлер мен Direct-ке жауап беру (қажеттілігіне қарай);Аккаунттың органикалық өсуін қамтамасыз ету, жаңа идеялар ұсыну;Бренд стилін сақтау, мақсатты аудиторияны зерттеу;Нәтижелер бойынша айлық аналитика жасау. Талаптары:SMM саласында кемі 1–2 жыл тәжірибесі болуы;Instagram алгоритмдерін жақсы білу;Reels түсіре алу, Stories монтажы, қарапайым редактура жасау;Жылдам жұмыс істеу, дедлайн сақтай білу;Креативті ойлау және құқықтық тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіру қабілеті;Командада жұмыс істей білу;Қазақ тілінде еркін жазу (орыс тілі де артықшылық береді);Жауапкершілік, жүйелілік. Шарттары:
Жұмыс форматы: офлайн / гибрид (ол талқыланады);
Жұмыс уақыты: 5/2, 10:00–19:00;Айлық жалақы: келісім бойынша (тәжірибесіне қарай);Әлеуметтік желілер үшін дайын материалдар компания тарапынан беріледі;Өсу және ұзақ мерзімді жұмыс мүмкіндігі;Заңгерлік компания болғандықтан — контент әрдайым бар, тұрақты жұмыс көлемі қамтамасыз етіледі.Юридическая компания