Қазақ тілі мұғалімі (жоғарғы мектеп)
Haileybury Almaty, НАО
- Алматы
- Постоянная работа
- Полная занятость
- Орта және жоғары сынып оқушыларының жасына/деңгейіне сәйкес тиімді оқу материалдарын әзірлеу
- Сынып, топтар және жеке оқушының қажеттілігіне сай сабақты жоспарлау арқылы тиімді дифференциациялауды қамтамасыз ету;
- Тәртіпті тиімді қадағалау, ресурстарды тиімді пайдалану;
- Оқушылардың қалай оқитынын және олардың үлгерімін бағалайтынын көрсететін нақты оқу мақсаттарын анықтау және оқу уақытын тиімді пайдалану;
- Оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әртүрлі оқыту стратегияларын қолдану;
- Биік мақсаттар қою;
- Қабілеті жоғары, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар дарынды/талантты оқушыларды немесе қазақ тілін жеткілікті деңгейде меңгермеген оқушыларды анықтап, олармен тиімді жұмыс жасау;
- Сабақты оқу қарқыны мен тақырыптың күрделілігін ескере отырып жоспарлау;
- Мүмкіндігінше оқушылардың тұлғалық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосу, т. ассамблеялар, Хаус күндері кезінде;
- Оқушыларға көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру, оларды көшбасшылыққа ынталандыру;
- Қауіпсіз, қолдау көрсететін, ыңғайлы және ынталандыратын оқу ортасын қамтамасыз ету.
- Бақылау, бағалау, тіркеу және есеп беру:
- Оқу мақсаттарының орындалуын бағалау және осы бағалауды оқыту сапасын жақсарту үшін пайдалану;
- Оқушылардың жоғары үлгерімін қамтамасыз ету үшін сындарлы кері байланыс және мақсаттар қою арқылы жұмысты бақылау;
- Әр оқушының үлгерімін жүйелі түрде бағалау және тіркеу, оқушылардың үлг.ерімі жақсарып келе жатқанына көзжеткізу үшін тіркелген деректерді пайдалану;
- Оқушылардың үлгерімі туралы жазбаша есеп беру;
- Бағалау сабақ жоспарын жасауға, дамытуға көмектесу керек;
- Оқушыларға бір-бірін және өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беру;
- Қазақ тілі мұғалімі екендігін растайтын диплом болуы
- Қазақ тілін жоғары деңгейде білу, ана тілі, ілгері деңгейі
- Ағылшын тілін меңгеру сертификаты (мүмкіндігінше IELTS 6.0 немесе оның баламасы) артықшылық болады.
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы құпталады.
- Оқыту тәжірибесі мол
- Оқыту мен үйрету стандарттарын арттыруға үлес қосу, орта, жоғарғы мектепте оқыту тәжірбиесінің болуы шарт.
- Оқыту және тәрбие жұмысындағы табысты тәжірибесі
- тегін тамақтану
- мектеп аумағында фитнес зал мен бассейнге тегін бару
- медициналық сақтандыру (+ 1 отбасы мүшесі тегін қосылады)
- желтоқсан айында төленетін қосымша демалыс (Christmas leave)
- халықаралық және тату-тәтті жұмыс атмосферасы
HeadHunter