Тіркеу (сату) маманы / Менеджер по работе с клиентами

Daryn.online

  • Алматы
  • 180 000 тнг в месяц
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 6 д. назад
⚡️ Өзін жетілдіруге ұмтылатын, белсенді және нәтижеге жұмыс істейтін менеджерлерді іздейміз!✔️Біз туралы:Bugin Holding — бұл бес қарқынды дамып келе жатқан компанияны біріктіретін ірі холдинг. Біздің жобаларымыз: Daryn.online, Daryn Teacher, Ordagen Ustaz, EduCenter және BuginMedia. Біздің команда білім беру саласында инновациялық жобаларды әзірлейді.Қазіргі уақытта жаңа жоба Daryn Bastauysh командасына Сату менеджерлерін іздеудеміз. Бастауыш сынып оқушыларының диагностикасын жасайтын тестке ата-аналарды тіркеуіңіз қажет болады.
Жобаның басты мақсаты: бастауыш сынып балаларына продленка, үй жұмыстарына көмектесу.Яғни , төлем жасауға дайын аудиториямен жұмыс жасайсыз!Тәжірибе қажет емес – барлығын өзіміз үйретеміз!Қандай міндеттеріңіз болады:
  • Клиентке ақпарат беру
  • Клиент сұрақтарына жауап беру
  • Төлемді қабылдау және тіркеу
Кандидаттан күтеміз:
  • Жауапкершілігі мол және пысық
  • Қазақ тілінде еркін сөйлеу
  • Міндетті түрде жеке ноутбугі бар
Артықшылық болып есептеледі:
  • Педагогика саласында біліміңіз бен тәжірибеңіздің болуы
  • Сату саласында тәжірибенің болуы
⚡️Біз сізге не ұсына аламыз:
  • Жұмыс форматы: офлайн (офис)
  • Жұмыс кестесі: 6/1, толық жұмыс күні немесе сабақ кестесіне байланысты икемді график
  • Мекен-жай: Бөгенбай батыр 150
  • Қала орталығындағы жайлы кеңсе (терраса, асхана, намазхана т.б.)
  • Жас, креативті, белсенді команда
  • Жылдам мансаптық өсу:
3–6 ай → Старший менеджер
6–12 ай → Тимлид
1–2 жыл → РОП (руководитель отдела продаж) * Жастарға арналған даму ұйымының мүшесі атану
  • Ай сайын тимбилдингтер, марапаттар
  • Жалақы: оклад + Чектің 50%-ы сізге тиесілі
  • Күндік, апталық, айлық, кварталдық бонустар
Егер сіз сату саласында өсуге, табыс табуға және дамуға дайын болсаңыз — біз сізді күтеміз!Тезірек команданың мүшесі болуға асық ! БІЗ СЕНІ КҮТУДЕМІЗ !Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.

HeadHunter

Похожие вакансии

  • Менеджер по работе с клиентами/по продажам

    Аяла Дар

    • Алматы
    • 300 000 тнг в месяц
    В активно развивающуюся компанию, которая оснащает образовательные учреждения современным оборудованием, требуется менеджер по работе с клиентами и продажам! Если ты активен, ини…
    • 14 ч. назад
  • Менеджер по работе с клиентами

    Shenber Link

    • Алматы
    • 300 000 тнг в месяц
    Менеджер по работе с клиентами в логистическую компанию - Shenber Link современная логистическая компания, работающая на рынке уже более 12 лет. Мы специализируемся на организации …
    • 15 ч. назад