Аға психолог (супервизия және біліктілікті арттыру бойынша), Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті
- Нур-Султан
- Постоянная работа
- Полная занятость
5.1. Онлайн кестелерін, дерекқорларды және бағдарламалық жасақтаманы уақытында және дұрыс толтыру, деректерді бақылау тақтасына енгізу және Департамент басшылығы тарапынан өткізілген іс-шаралардың саны мен мәртебесін бақылау.
5.2. Статистикалық деректерді, есептерді және аналитикалық анықтамаларды жасау, талдау және Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ басшылыққа ұсыну.
5.3. Құжаттаманы, ережелерді және әдістемелік материалдарды әзірлеу және жүргізу, психологтың көмек көрсету қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу.
5.4. Бюджетті жоспарлау және бөлуге қатысу.
5.5. Құжаттаманы жүргізу және дерекқорлармен жұмыс істеу барысында құпиялылықты және жеке деректерді қорғау нормаларын сақтау.
5.6. Университеттің психологиялық қызметінің даму стратегияларын әзірлеуге қатысу, студенттер мен қызметкерлердің психологиялық қолдау қажеттіліктерін талдау.
5.7. Берілетін психологиялық көмек тиімділігін бақылау, тенденцияларды талдау және жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
5.8. Университет басшылығының тапсырмаларын уақытында және сапалы орындау.Супервизия және біліктілікті арттыру
6.1. Психологтардың кәсіби дағдыларын арттыру, күрделі жағдайларды талдау және тәжірибе алмасу үшін интервизияларды жоспарлау және өткізу.
6.2. Психологтардың біліктілігін арттыру үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және жаңа жұмыс әдістерімен таныстыру.
6.3. Психологтарға супервизорларды іздеу және таңдау, сондай-ақ кәсіби қолдау көрсету және күрделі жағдайларды талқылау үшін супервизиялық кездесулер ұйымдастыру.6.4. Білім алушылармен өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдық бөлімшелердің біліктілігін арттыру үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру.Требования к квалификацииБілімге қойылатын талаптар (деңгейі, профилі, лицензиялар, кәсіби)Жоғары кәсіби білім, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алғаны жөн. Психология, педагогика және психология, психотерапия саласында магистр немесе маман дәрежесі талап етіледі.Егер білімді ТМД елдерінде алған болса, психология немесе психотерапия саласындағы халықаралық ассоциациялар немесе халықаралық институттардан аккредиттелген институттардың сертификаты болуы қажет.Мамандықтар бойынша басым бағыттар:Психология;Психотерапия;Педагогика және психология;Психологиялық кеңес беру.Талаптар бойынша тәжірибеКемінде 5 жыл психология, психотерапевт ретінде білім беру мекемелерінде, медициналық мекемелерде немесе жеке практикада жұмыс тәжірибесі болуы тиіс, бұл құжатпен расталуы қажет (тіркеу туралы куәлік). Сонымен қатар, кемінде 3 жыл магистр дәрежесі бар тиісті салада жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.Білімге, дағдылар мен құзыреттерге қойылатын талаптар:Білімі:
- Этикалық нормалар және заңнамалар: кәсіби этика, конфиденциалдылық мәселелері, клиенттің құқықтары.
- Психологияның теориялық негіздері: жас ерекшеліктері психологиясы, әлеуметтік психология, клиникалық психология, когнитивті психология, педагогикалық психология, дағдарыс психологиясы.
- Психодиагностика әдістері: тесттер, проективті әдістемелер, сауалнамалар, сұхбаттар, бақылау.
- Психотерапия және психокоррекция негіздері: тұлғалық дағдарыстармен, стресспен, мазасыздықпен, эмоционалдық бұзылыстармен жұмыс әдістері.
- Конфликтология негіздері: конфликттерді шешу принциптері, медиативті технологиялар.
- Психологиялық кеңес беру: клиенттермен жұмыс істеудің негізгі модельдері мен әдістері.
- Психодиагностика – тесттерді қолдану, алынған деректерді талдау, психологиялық қорытынды жасау.
- Кеңес беру – жеке және топтық кеңес беру, ұсыныстарды қалыптастыру.
- Психологиялық коррекция – даму бағдарламаларын, тренингтерді, коррекциялық сабақтарды әзірлеу.
- Әр түрлі категориядағы клиенттермен жұмыс – жасөспірімдер, ересектер, дағдарыс жағдайындағы адамдар.
- Конфликттерді шешу – келіссөздер жүргізу, медиативті әдістер.
- Қоғамдық сөйлеу дағдылары – тренингтер, дәрістер, топтық жұмыстарды өткізу.
- Құжаттаманы жүргізу – есептерді, қорытындыларды, жұмыс жоспарларын құру.
- Командалық жұмыс – әріптестермен, дәрігерлермен, педагогтармен, әлеуметтік қызметтермен өзара әрекеттесу.
- Эмоционалдық тұрақтылық – стресстік жағдайларда кәсібилікті сақтау қабілеті.
- Аналитикалық және шығармашылық дағдылар;
- Баяндама, аналитикалық жазбаларды дайындау дағдылары.
- Эмпатия және сенімді қатынастар орнату дағдысы.
- Аналитикалық және сыни ойлау.
- Өзін-өзі реттеу және стресс төзімділік.
- Жұмыс әдістерін таңдауда икемділік және бейімделгіштік.
- Өзін-өзі дамыту және оқу қабілеті.
- Жоғары этикалық жауапкершілік.
- Клиенттерді ынталандыру және қолдау қабілеті.
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values