Клиенттермен жұмыс жөніндегі координатор (кеңес беру + эфир + қолдау)

Ybyrai.online

  • Алматы
  • 200 000-500 000 тнг в месяц
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 3 д. назад
Ybyrai — ҰБТ-ға дайындыққа арналған заманауи білім беру экожүйесі.Біздің мақсат — ата-аналардың уайымын азайтып, оқушыларға нақты нәтиже беретін жүйелі дайындық жолын ұсыну.Бізге ата-аналармен жылы сөйлесетін, кеңес бере алатын, оқушыға дұрыс бағыт көрсететін координаторлар қажет.Негізгі міндеттер1. Ата-аналарға кеңес беру (клиентпен жұмыс)Сіз:— ҰБТ-ға дайындық жоспарын түсіндіресіз;— профильдік пәндерді қалай таңдау керегін көрсетесіз;— ата-ананың сұрақтарына сабырлы, анық жауап бересіз;— оқушының жағдайын түсініп, дұрыс жол көрсетесіз;— клиентпен сенімді, жылы қарым-қатынас орнатасыз.Бұл классикалық “сату” емес —бұл ата-ананы бағыттау, қолдау және сенім орнату.Клиент сіздің кеңесіңізге сүйеніп шешім қабылдайды.2. Аптасына 1 рет оқу эфирін жүргізуҰБТ комбинациялардың біреуі бойынша 30–45 минуттық онлайн сабақ жүргізесіз:Эфир жеңіл форматта өтеді: пайдалы кеңестер, қателерді талдау, мини-практика.3. Оқушыларды және ата-аналарды сүйемелдеу— оқу барысы бойынша бағыт беру— мотивациялық қолдау— сұрақтарға жедел жауап беру— ата-анамен тұрақты байланыс ұстау4. Контентке қатысуКоординатор күнделікті білім жаңалықтары, пайдалы ақпараттар, ҰБТ кеңестері бойынша қысқа видеолар немесе стористер түсіреді.Біз толық үйретеміз.ТалаптарМіндетті:— Қазақ тілінде еркін, сенімді сөйлеу— Коммуникацияны жақсы көру— Жауапкершілік, сабыр, эмпатия— Оқушы мен ата-анамен оңай тіл табысу— Эфир жүргізуге дайын болуАртықшылық:— Клиентпен жұмыс тәжірибесі— Педагогикалық немесе кураторлық тәжірибе— ҰБТ форматынан хабардар болу— Кеңес беруді ұнатуЖұмыс шарты— График: 5/2 (жұма, сенбі – демалыс)— Уақыт: 10:00–19:00— Алматыдағы кеңсе— Тұрақты жалақы + нәтижеге байланысты бонустар— Мықты команда, дайын скрипттер және толық оқыту— Өсу мүмкіндігі: аға координатор → бөлім жетекшісіБұл қызмет кімге арналған?— Жылы сөйлей алатын, тыңдай білетін мамандарға— Ата-аналармен жұмыс істеуді жақсы көретіндерге— Кеңес беруді, түсіндіруді, қолдауды ұнататындарға— Оқушымен тіл табыса алатын, сабырлы жандарғаБұл — адаммен жұмыс істейтін, әсер қалдыратын мамандық.Ybyrai.onlineОбразовательный портал #1 в КазахстанеМы нацелены на поиск ярких, талантливых личностей для создания синергии в коллективе и уверенности в завтрашнем дне для каждого члена команды.

HeadHunter