ҰБТ сату маманы (со знанием казахского языка)

Daryn.online

  • Алматы
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 22 д. назад
Daryn Online — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде жұмыс жасайтын Халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім платформасы.Неліктен вакансия ашық?Компания белсенді даму кезеңінде, оқуға өтінімдер саны артып келеді. Осыған байланысты біз сату менеджерлерін тұрақты жұмысқа қабылдаймыз. Тәжірибесі бар және тәжірибесіз, нәтижеге бағытталған мамандарды қарастырамыз. Егер сен дамуға, үйренуге және жақсы табыс табуға құштар болсаң — бұл вакансия дәл саған арналған!Тәжірибеңіз болуы маңызды емес, барлығын өзіміз үйретеміз!Сіздің міндеттеріңіз:
  • ҰБТ-ға дайындық курстары;
  • Кіріс және шығыс қоңыраулармен жұмыс істеу
  • Тек жылы және ыстық лидтермен жұмыс
Біз не ұсынамыз:
  • Сапалы өнім және 100% білім нәтижесі
  • 200 000 – 800 000 тг (оклад + KPI жүйесі бойынша %)
  • Тимбилдингтер + мотивация + бағалы сыйлықтар
  • 1 жыл ішінде карьералық өсім: Тимлид → РОП → Директор
  • Толық оқыту: тәжірибе 3 айдан кем болса да үйретеміз
Бізге қажет адам:
  • Қазақ тілінде еркін сөйлейтін, сауатты;
  • Коммуникация жақсы дамыған;
  • KPI мен айлық жоспарды орындай алатын;
  • Даму, үйрену, табысқа ұмтылу;
  • Стресске төзімді, жауапкершілігі жоғары;
Артықшылықтарыңыз болады, егер сіз:
  • AmoCRM жүйесінде жұмыс істеп көрген болсаңыз
  • Сату менеджері ретінде тәжірибеңіз болса
Жұмыс уақыты: 12:00 – 22:00 (8 сағат)Формат: 6/1, жайлы кеңседеЖалақы: оклад + % + KPI + бонусНеге дәл сен?Біз командаға адам қабылдауға өте жауапкершілікпен қараймыз, сондықтан ең мықты мамандарды іріктейміз. Егер өзіңізді осы сипаттамада көрсеңіз, энергияңыз бен ынтаңыз мол болса — вакансияға тезірек ӨТІНІШ ҚАЛДЫР!Жаңа мүмкіндіктер дәл осы сәтте басталады.Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.

HeadHunter