Куратор (ҰБТ)

Daryn.online

  • Алматы
  • 150 000-300 000 тнг в месяц
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 13 д. назад
Daryn Online - 2020 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатырған онлайн білім беру ордасы. Қазақстандағы EdTech бағыты бойынша ең мықты компаниялардың бірі болып табылады. ҰБТ-ға дайындық бойынша тек Қазақстанда ғана емес , сонымен қатар Өзбекстан ,Қырғызстан елдерінде де жұмыс жасайды.Компаниямызға оқушыларды нәтижеге жеткізетін , жауапкершілігі мол кураторларды іздеп жатырмызСіз қандай міндеттер атқарасыз ?
  • Оқушымен және ата-анамен 12:00-20:00 аралығында байланыста болу
  • Оқушылардың дисциплинасын қадағалау
  • Оқушылардың белсенділігіне жауап беру
  • Оқушылардан зачет алу және тікелей эфирге қатыстырғызу
Біздің талаптар:
  • Қазақ тілінде еркін сөйлеу алу
  • ҰБТ-дан 100+ балл
  • Нәтижеге жұмыс істей алу
  • Дисциплина мен тайм-менеджмент жоғары деңгейде болу
  • Командада жұмыс істей алу
  • Ұзақ мерзімге жұмыс жасауға дайын
  • Эмпатия мен коммуникация жақсы дамыған
  • Куратор болуда 3 айдан жоғары тәжірбиесі бар
Біз ұсынамыз:Жұмыс форматы: офлайн (онлайн қарастырылмаған)Жұмыс кестесі: 5/2, икемді график (21:00-ге дейін)Жалақы: Оклад (оқушы санына байланысты) + бонустар (оқушы белсенділігіне байланысты)Тек оклад ғана алып қоймай , нәтижеге байланысты жақсы бонустар алу мүмкіндігіИкемді жұмыс уақыты, соның ішінде студенттер үшін (оқу мен жұмысты қатар алып жүруге жақсы мүмкіндік)Қала орталығындағы жайлы кеңсе (терраса, асхана, намазхана т.б.)Жас, креативті, белсенді командаБизнес пен кәсіби әдебиеттері бар кітапханаМансаптық өсуге арналған оқыту бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіРеспубликалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.

HeadHunter