Куратор

Daryn.online

  • Алматы
  • 150 000-300 000 тнг в месяц
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 2 д. назад
Daryn Online — халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім беру платформасы. Біздің платформа 6 жылдан астам уақыт бойы нарықта табысты жұмыс істеп келеді. Біз Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сияқты елдермен серіктестік орнатып үлгердік.Қазіргі таңда біз өз командамызға белсенді, жауапты және өсуге дайын Кураторды іздейміз.Міндеттеріңіз:
  • Оқушылармен байланыста болу, сұрақтарына жауап беру;
  • Ата-аналармен жұмыс жүргізу, кері байланыс беру;
  • Кіріс қоңыраулар мен хабарламаларды өңдеу.
Біз күтеміз:
  • Қазақ тілін жетік білу (міндетті);
  • Сауатты сөйлеу және жазу қабілеті;
  • Коммуникативтік дағдылары жоғары;
  • Командамен жұмыс істей білу;
  • Білім беру саласында тәжірибесі болғаны — артықшылық болады.
Біз ұсынамыз:
  • Жұмыс форматы: офлайн
  • Жұмыс кестесі: 5/2, икемді график
  • Студенттерге икемді график (оқумен алып жүруге жақсы мүмкіндік)
  • Мекен-жай: Бөгенбай батыр 150
  • Қала орталығындағы жайлы кеңсе (терраса, асхана, намазхана т.б.)
  • Жас, креативті, белсенді команда
  • Бизнес пен кәсіби әдебиеттері бар кітапхана
  • Жастарға арналған даму ұйымының мүшесі атану
  • Мансаптық өсуге арналған оқыту бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі
Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.

HeadHunter