Ordagen Ustaz — тәрбиешілердің кәсіби дамуына серпін беріп, олардың жаңа белестерді бағындыруына жол ашатын заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан команда. Біз тәрбиешілерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұсынып, мыңдаған маманның сеніміне ие болдық. Бүгінде компаниямыз жаңа деңгейге көтеріліп, ауқымын кеңейтуде.Осыған байланысты біз өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, нәтижеге ұмтылатын жандарды сату бөліміне қосылуға шақырамыз. Сіз дайын, қызығушылығы жоғары аудиториямен жұмыс істеп, тек табыс тауып қана қоймай, өзіңізді жан-жақты дамытып, үлкен командамен бірге өсе аласыз.Сіздің қандай міндеттемелеріңіз болады:
Курс бойынша ақпарат беру
клиент сұрақтарына жауап беру
Төлемді қабылдау және тіркеу
Біз сізден не күтеміз:
Жауапкершілігі мол және пысық болуыңызды
Қазақ тілінде еркін сөйлеу және жазу
Сатудан тәжірибесі болу
Міндетті түрде жеке ноутбугі бар
⚡️Біз сізге не ұсына аламыз:
Жұмыс форматы: офлайн (офис) гибкий график сабақ кестесіне байланысты қарастырылған
Жұмыс кестесі: 5/2, 10:00-19:00
Мекен-жайымыз: Бөгенбай батыр к-сі, 150
Қала орталығындағы жайлы кеңсе (терраса, асхана, намазхана т.б.)
Жас, креативті, белсенді команда
Мансаптық өсуге арналған оқыту бағдарламалары
Жалақы: оклад + % + бонус
Күндік, апталық, айлық, кварталдық бонустарТолық ақпарат біліп, қатарымызға қосылуға асығыңыз! Білімді сатып, табысты болу сізге арналған болса, БІЗ СІЗДІ КҮТЕМІЗ!Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.