Оператор call-центра со знанием казахского языка

Daryn.online

  • Алматы
  • 200 000-400 000 тнг в месяц
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 24 д. назад
НЗМ, БИЛ, Дарын лицейлеріне дайындық курстарыDaryn Online — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінде жұмыс жасайтын Халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім платформасы.Қазіргі таңда біз сату бөліміне белсенді, мақсатшыл мамандарды іздестіру барысындамыз!Тәжірибе қажет емес – барлығын өзіміз үйретеміз!Сіз сататын негізгі өнімдер:
  • НЗМ (Назарбаев Зияткерлік Мектебі)
  • БИЛ / КТЛ (Қазақ-түрік лицейі)
  • Дарын лицейлеріне
  • РФМШ мектептеріне дайындық курстары
✅ Біз не ұсынамыз:
  • Нақты оклад + әр сатылымнан пайыз мөлшері (%)
  • Орташа чек: 350 000 тг
  • Апталық бонустар мен мотивация
  • Жылдам мансаптық өсу: Тимлид, РОП, Директор
  • Ай сайын тимбилдингтер, марапаттар
  • Тегін оқыту мен кәсіби даму курстары
Біз қандай адамдарды іздеу үстіндеміз :
  • Қазақ тілінде еркін және сауатты сөйлей алатын
  • Коммуникация қабілеті жоғары
  • KPI және сатылым жоспарын орындай алатын
  • Жауапкершілігі жоғары, стресске төзімді
  • Дамуға құштар, бәсекеге қабілетті, креативті
Жұмыс кестесі:
  • График: 6/1
  • Уақыты: 10:30 – 19:30 (8 сағат) / 12:00-21:00 (8 сағат)
ГИБКИЙ ЫҢҒАЙЛЫ ГРАФИК САБАҚ УАҚЫТЫНДА ҚАРАСТЫРА АЛАМЫЗ !
  • Формат: Толық жұмыс күні, кеңседе (оффлайн)
Бізде жұмыс істеу – бұл:
  • Сапалы әрі сұранысқа ие өнімді ұсыну
  • Жайлы орта мен тату ұжым бар жерде жұмыс жасау
  • Табыс пен мансаптың нақты өсу жолы
Егер сіз сату саласында өсуге, табыс табуға және дамуға дайын болсаңыз — біз сізді күтеміз!
DARYN ONLINE— білімді сат та, өзгенің де, өзіңнің де болашағыңды жаса!Тезірек команданың мүшесі болуға асық ! БІЗ СЕНІ КҮТУДЕМІЗ !Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.

HeadHunter