Тіркеу бөлімі менеджері (со знанием казахского языка)

Daryn.online

  • Алматы
  • 150 000-300 000 тнг в месяц
  • Постоянная работа
  • Полная занятость
  • 6 ч. назад
Daryn Online — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде жұмыс жасайтын Халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім платформасы.____Қазір біз командаға тіркеу менеджерін іздейміз. Бұл позицияда сату жоқ — тек клиенттерді тіркеу, жиналысқа қатыстыру.Міндеттер:
  • клиенттерді базаға тіркеу
  • клиенттермен байланыс орнату
  • ҰБТ курстары бойынша ақпарат беру
  • жиналысқа қатысуын бақылау
Бізге кім керек:
  • қазақ тілінде еркін сөйлейтін
  • коммуникациясы жақсы
  • жауапкершілігі жоғары
  • адамдармен жұмыс істеуді ұнататын
📌 Тәжірибе міндетті емес — үйретеміз.Біз не ұсынамыз:
  • жалақы: 150 000 – 300 000 ₸
  • оклад + апталық бонус + %
  • тегін оқыту
  • мансаптық өсу мүмкіндігі
  • тимбилдингтер және корпоративтік шаралар
  • достық атмосфера
Жұмыс шарттары:
График: 6/1
Уақыты: 10:30 – 19:30 (8 сағат)\ ГИБКИЙ (14:00-19:30) аралығы қарастырылады.Егер сен дамуға, табыс табуға және мықты командада жұмыс істеуге дайын болсаң — резюме жібер!Республикалық Daryn.online платформасы – жастарды саналық тұрғыдан бағыттау мен олардың салалық білімдерін арттырып қана қоймай, әлеуметтегі тұлғасын қалыптастыру арқылы елге еңбегі сіңетін және қоғамда көзқарас қалыптастыруға қабілетті болашақ мамандарды даярлауға ықпал ететін әрі мұғалімдер үшін көмекші құрал болатын онлайн білім беру ресурсы.Аталмыш жобамыз 2020 жылдың наурызында елімізде пандемия басталған кезде қашықтан білім беру үрдісіне көшкен білім беру ұйымдарына қол ұшын созып, сапалы контент пен информациялық технологияларды енгізуде өңірлік Білім Басқармаларының және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сенімді серіктесіне айналды.Қазіргі уақытта Daryn.online жүйесінде жаһандық IT саласындағы КАОК/МООС үздік технологияларымен әрбір қолданушы үшін білім алудың ең ыңғайлы жолдары жасалған және ең жоғарғы техникалық талаптарға сай заманауи серверлер қойылған. Бір уақытта 1 000 000-нан астам оқушы кіріп, сабақ оқи алады. Бүгінде сайтымызға еліміз бойынша 7397 мектеп, 300 000 мұғалім, 3500 000-нан астам мектеп оқушылары тіркелген.

HeadHunter